Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНІМ ҚАУІПСІЗДІГІ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

ӨНІМ ҚАУІПСІЗДІГІ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ


Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Ұлттық сараптама орталығының аудандық бөлімшесі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының мәжіліс залында «Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға жеке кәсіпкерлер, тұрғындар, сала мамандары қатысты.

Семинарды ашқан басқарма басшысы Е.Ұзақбаев кәсіп иелерін, тұтынушылардың құқықтарын сақтау, қорғау, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі талаптар, сатушылардың міндеттері туралы айтып өтті. Басқарма басшысының орынбасары Қ.Омарова «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылаудағы негізгі бағыттар» тақырыбында хабарлама жасады.
Техникалық реттеу деген сөзге анықтама берген санитарлық дәрігер – бұл – өнімдерге, процестерге,сәйкестілікті нақтылау бойынша әрекетке, аккредиттеу мен мемлекеттік бақылауға, бекітілген талаптардың орындалуы бойынша қойылатын міндетті және ерікті талаптардың бекітілуі, қолданылу және орындалуы саласындағы қатынастардың құқықтық және нормативті реттелуі.
Біздің мақсатымыз – тұтынатын азық-түліктер мен тауарлардың техникалық реттеу талаптарына сәйкес келуін қадағалау, - деді.
Кез-келген тауарларды зерттеу 3 түрлі көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Біріншісі, микробиологиялық сәйкессіздік, бұл әртүрлі микроорганизмдер ластанған, адам өміріне қауіпті өнім. Екіншісі, санитарлық – химиялық, бұл өнім құрамы сыртында жазылған таңбасына сәйкес келмеуі. Үшіншісі, таңбалануының дұрыс болмауы. Мысалы: сынаманың таңбалануында мемлекеттік тілде мәліметтердің болмауы немесе ЕАС таңбасының болмауы. Осы үш қағиданы барлық тұтынушы білуі тиіс.
Жалпы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында сәйкессіздіктер өнімнің таңбалануына байланысты орын алуда. Сондықтан таңбалану бойынша тұтынушы нені білуі керек?
1-ші Тағамның атауы. Тағамды сатып аларда оның атауына ерекше мән беру керек.
2-ші Тағам өнімінің құрамы. Өнімнің құрамындағы заттар.
3-ші Салмағы мен көлемі.
4-ші Өнімнің дайындалған күні,
5-ші Жарамдылық мерзімі,
6-шы Сақтау шартары
7-ші Өндіруші туралы мәліметтер
8-ші Қолданылуы бойынша нұсқамалар,
9-шы Тағам өнімінің құндылығы туралы ақпарат,
10-шы Құрамында ГМО бар немесе жоқ екендігі туралы мәлімет,
11-ші ЕАС белгісі. Бұл белгі «Еуразиялық сәйкестік» дегенді білдіреді. Және тағам өнімдерінің таңбалануында мемлекеттік тілде ақпараттың болуы. Сондай-ақ заттаңбада қосымша мәліметтер болуы мүмкін. Мысалы: «жыл тауары», «ең сапалы 100 тауар» т.б.
Семинар барысында басқарманың жетекші маманы Ж.Бейсенбай «Тағам өнімдерін сатып алу барысы, сауда орындарында сақталуға тиісті  санитарлық талаптар туралы», санитарлық химиялық зертхана сарапшысы Ф.Жармаханова «Тағам өнімдерінен сынама алу ережесіне тоқталды».
«Ұнды фортификациялаудың қажеттілігі туралы» басқарманың бас маманы Г.Түсмағанбетова хабарлама жасады. Ұнды фортификациялау – халықтың денсаулығы мен еліміздің экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді. Фортификация дегеніміз ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер минералды қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация кезінде бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды. Мұндай ұнның сақтау мерзімі 6 ай. Ұнды фортификациялау анемиямен байланысты ана өлімін 22,6% азайтуға, балалардың ақыл-ой дамуын 4% арттыруға, әр түрлі өнеркәсіп саласында қол күші жұмысының өнімділігін 12%көбейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан тұтынушы міндетті түрде фортификацияланған ұнды күнделікті тұтынған абзал.
Б.ЖАНӘЛІ
22 ақпан 2018 ж. 2 387 0