Өнім қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижесі
Бүгінгі таңда, біздің саламыздың басты міндеттерінің бірі ішкі сауда нарығы айналымындағы өнімдердің қауіпсіздігіне бақылау жүргізу болып табылады. Осы мақсатта сауда нысандарынан өнімдер сатып алынып, санитариялық-сараптама жүргізуге ҚР ДСМ СЭБК-нің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімшесіне тапсырылады.Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу 2022 жылға арналған Жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі. 2022 жылы барлығы 202 сынамалар, оның ішінде 193 сынама тамақ өнімдері, 9 сынама тамақ емес өнімдер іріктеліп, сатып алынып, зерттелді. Сатып алынған 202 сынама (82-отандық,112- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер, 8- басқа елдерден) оның ішінде май және май өнімдері-11, ет және ет өнімдері-15, балық және балық өнімдері-7, құс және құс өнімдері -5, шырындар-13, кондитерлік өнімдер-32, алкогольсіз сусындар-14, сүт және сүт өнімдері-35, алкогольді сусындар -4, табиғи минералды емдік-асханалық ауыз су – 5, ұн және жарма өнімдері- 19, нан,тоқаш өнімдері -2, жеміс және көкөніс өнімдері – 14, балалар тағамы -5, балалар және жасөспірімдерге арналған өнім–1, порфюмерия және косметикалық өнім- 5, жуу құралы сынамасы- 1, жеке гигиена құралы-1, ойыншық-1, басқа да өнім түрлерінен – 12 сынамалар алынды.
Жанар БИСЕНБАЙ,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы
басқармасының жетекші маманы











