Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіп қайдан демеңіз?

Қауіп қайдан демеңіз?

Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастыруымен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірге «Сұлтан» сауда орталығында бірлескен «Қауіпсіз тағам таңда!» атты акция ұйымдастырылады. Мақсаты –халық арасында қауіпсіз тамақтануды қалыптастыру, өндірілетін және сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел ішек жұқпаларының, топтасқан тамақтан уланудың алдын алу.
Акция барысында базарларда, сауда үйлері мен сауда қатарларында жиналатын халық пен жеке кәсіпкерлер, сатушылар арасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы өндірілетін және сатылатын өнімдердің қауіпсіздігі, Кеден одағының тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын техникалық регламент талаптарының сақталуы, жедел ішек, тамақтан улану ауруларының алдын алу барысында жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау және тұтынушыларды сапасыз тағам өнімдерінен қорғау жөнінде санитарлық-ағарту түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш шара аясында экспресс-тәсілдерін қолдана отырып, тұрғындардың ұсынуы бойынша сатып алған тағамдарына санитариялық нормативтерге сәйкестігін тексеру жұмыстары, сонымен қатар декретті топ өкілдері арасында кенеттен бактериологиялық зерттеулер жүргізілді. Атап айтқанда, Ішек таяқшалары тобындағы бактерияларды анықтауға 47 тағам, химиялық зертханаға 66 сынама, нитрат қалдықтарын анықтауға 103 сынама және токсикологиялық зерттеуге 10 ойыншық алынды. Нәтижесінде 14 сынамадан нитрат қалдықтарының мөлшерден көп екендігі анықталды. Қалған зерттеулер бойынша сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
24 қыркүйек 2019 ж. 672 0