Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Қырман басында, дала қосында, адамдар уақытша тұратын жерлерде өртке қарсы талаптарды қатаң сақ­таудың маңызы зор.Әрбір да­ла қосының, қырманның жанында те­мекі қалдығын сақтайтын шұңқыр болуы және су толтырылған ыдысы бар арнаулы орны болуы керек. Кез келген жерде темекі тартуға, ашық отты пайдалануға болмайды.

Ау­дан еңбеккерлері алдында тұр­ған міндет астықтың дер кезінде төкпей-шашпай жинап алу жорығына жұ­­мыла қатысуымен қатар, оны көз­дің қарашығындай сақтау – әрбір аза­маттың абыройлы борышы. Осы орай­­да жоғарыда айтылған алдын-алу шара­лардың барлық комплексін қол­­данудың да айрықша маңызы бар және жем-шөп жинауға қаты­сатын жұ­­­­­мысшыларды өрт қауіпсіздігі нұс­қауынан өткізіп тұрғаны абзал. Гараж, қыр­ман, шабындық басындағы қос­тарды, тех­­ни­калардың барлығы ал­ғашқы өрт сөндіру құрал-сайман­дарымен жабдықталуы тиіс.

Егін орағына қатысуға дайындалып жат­қан механизаторлар мен жүр­гізушілер өрт қауіпсіздігі мен шараларды іске асырған жөн:

– егіс алқабы мен дала қосында, қыр­ман басында ретсіз от жақпау керек;

– астық жинауға қатысқан барлық адам­дардың өртке қарсы нұсқауларды мін­детті түрде білуі тиіс;

– барлық комбайындар мен трак­тор­­лар­ды, автокөліктерді астық та­зар­татын аг­ре­гаттарды және май қой­маларын өрт сөн­дір­гіш құрал­дарымен қамтамасыз ету керек;

– дала қостарының айналасын со­қамен, енін 4 метр етіп айдап тастау керек;

– өртке қарсы құралдар мен өрт сөн­дір­гіштердің барлық уақытта толық да­йындықта болуын қамтамасыз ету қажет.

«Өрт – тілсіз жау» екенін ұмыт­пауымыз керек, қазіргі қарбалас заман­да болмашы нәр­седен аяқ астынан өрт шығуы ықтимал.Сырдария ауданының тө­тен­ше жағдайлар бөлі­мінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұ­мыс жасайды.


Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: ашық дереккөзден
15 тамыз 2023 ж. 255 0