Қауіпсіздік қаперде болсын
Мал азығы – жем-шөп дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Азық қорын жасақтауда өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және мүлтіксіз орындау қауіпті алдын алудың негізгі шарты болып табылады. Себебі, от қысқа уақытта астық қорын жоюы мүмкін.
Егіс алқабында дәнді дақылдарды егу барысында өрт қауіпсіздігі қағидалары тәртібі қарастырылған. Азық, жем дайындау кезінде ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінде өртті болдырмау үшін төменде көрсетілген өртке қарсы іс-шараларды қатаң сақтау қажет.
Алдымен, азық дайындау және егінді егу алдында жем дайындауға қатысатын механизаторлар мен олардың көмекшілері және басқа да жұмысшылар арнайы бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқаудан өтеді. Жем-шөп сақтайтын орындардан 15 метрден кем емес ара қашықтықта 6 метр қорғау жолын жырту және электр жарығымен, сенімді тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сонымен қатар дала қостарында өрт сөндіру үшін жеткілікті су қоры, өрт сөндіргіш құралдары – күректің бірнеше түрі және сыпырғыштардың болуы міндеттеледі. Егістікте және оның жанында ашық отты пайдаланатын жұмыстарға, темекі тартуға тыйым салынады. Дала қосында, қырманда және пішен, сабан маялайтын учаскелерде темекі тартуға арналған «Темекі тартатын орын» деген белгісі бар арнайы орындар бөліну керек. Сондай-ақ жем сақтайтын қоймаларды найзағайдан қорғайтын құралдармен жабдықтау талап етіледі.
Өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша дала қостары алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт қалқандары) 30-50 шелек суы бар сыйымдылықтағы екі өрт сөндіргіш, айыр, күректің болуы шарт. Барлық өрт сөндіру құралдарды 2-3 жерде орналастырылуы керек.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, мекен-жайын асықпай, толық айтуы тиіс.
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайтыны ескертіледі.
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі