Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіге жол жоқ

Есірткіге жол жоқ

Республика бойынша бастау алған «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында тиісті түсіндірме жұмыстары облысымызда да қарқынды түрде жүргізілуде. «АMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Медет Жорабектің хаттамалық тапсырмасына  сәйкес бұл бағыттағы іс-шаралар ауданымызда да ұйымдастырылды.

Нашақорлық – бүкіл қоғам­ның қа­сіреті, болашағымызға үлкен қа­уіп төн­діретін індет. Осы ретте «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты мен аудандық жас­тар ресурстық орталығының бір­ле­се ұйымдастыруымен аудан ор­­та­лығы мен ауылдық округтерде профилактикалық іс-шаралар өт­­кізілді. Іс-шаралар барысында жас­­тар көп шоғырланатын жерлерде тақырыптық кездесулер өтті.

Аудан ораталығында өткен кездесуде «Жастар рухы» жастар қа­натының аудандағы жетекшісі, ау­дандық мәс­лихат депутаты А.Ибрагимұлы жас­тарды жат әдетке құмар болмауға шақырды. Сонымен қатар есірткінің зияны жөнінде баяндама жасап, есірткіні тұтыну мен жарна­малау қылмыс екенін айтты.

– Ұлттық құрыл­тайда Мемлекет басшысы жас­тарды жат әдеттен сақтандырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Бұл бәрімізге ой салуы керек. Сырдариялық жастар есірткі, наша секілді жат ұғымдардан аулақ болып, өзгелерге үлгі көрсетеді деп сенеміз, – деді ол.

Акция барысында «Сырдария жастары» еріктілер штабы еріктілері өз пікірлерін ортаға салды. Есірткі су­реттері бейнеленген киімдерді са­ту, есірткі, психотроптық заттарды насихаттау, заңсыз жарна­малау заң­мен қудаланатынын жет­кізді. Мұ­нан бөлек аудандық полиция бө­лімінің қызметкерлері де түсіндірме жұмыстарын жүр­гізіп, есірткімен, на­ша­қорлықпен күрес кешенді түрде жүргізіліп жатқанынан хабардар етті.
Айта кету керек, бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да өз жал­ғасын тауып, партия жанындағы «Жастарды қолдау жөніндегі кеңес» отырысында қаралатын болады.

«ТТ» ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
29 шілде 2023 ж. 269 0