Егін егу науқаны жалғасуда
Ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиевтің бастамасымен тұрғындарды ішкі нарықтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Аманкелді ауылында биылғы жылы елді мекендегі «Қайырсуат» шаруа қожалығының қолдауымен 40 отбасыға барлығы 15 гектар егістік жер егін егуге әзірленіп, картоп, көкөніс және бақша дақылдары орналастырылды.
Мұнан бөлек, Желқазған өңіріне ауылдағы 56 отбасы бірігіп, 22 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Оның ішінде 13 жас биыл құрылған жастар еңбек бригадасының мүшелері.
Жалпы айтқанда Қайырсуат, Желқазған, Көктөбе, Айзада, Сулыкөл өңірлеріне 120 отбасы 50 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егу жұмыстарын жүргізуде.
Ата кәсіпті жетік меңгерген ауыл диқандары су айдайтын дизельді матор құрылғысы арқылы егіннің бітік шығуына ауызбірлікпен ерекше еңбек етіп жатыр.
Аманкелді ауылында дәл қазіргі уақытта егін егу жұмыстарының ең қызған шағы болып отыр. Науқандық жұмыс басталғалы бері таңның атысы, кештің батысы демей ауыл тұрғындарының ауызбірлігі артып, егін егудің қамына білек сыбанып, ерекше қарқынмен кірісіп кеткен. Егінде береке бар. Берекеміз таси берсін.

Аманкелді ауылдық округі әкімдігі