Азық-түлік қорын жасақтау жұмыстарының барысы

Сондай-ақ, шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан қосымша жерлер ашылуда.
Жалпы бүгінгі күнге 145 гектар жер дайындалып, картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілуде.
Соның бірі Бесарық ауылдық округін айтып өту қажет. Мұнда «Бесарық» шаруашылығы жылда ауыл тұрғындары үшін 30-40 гектар жерлерін дайындап беруде. Осындай тәжірибе барлық ауылдық округтерде қалыптасқан.
Бұл дегеніміз, күнделікті өмірде тұтынып жүрген азық – түлік өнімдерінің тапшылығын болдырмауға және бағаны тұрақтандыруда өз септігін тигізері анық.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі