Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жаза басқандарды қоғамға бейімдеу - маңызды мақсаттардың бірі

Жаза басқандарды қоғамға бейімдеу - маңызды мақсаттардың бірі

Аудандық құқық қорғау органдары, аудандық пробация қызметі, аудандық жұмыспен қамту бөлімі, аудандық денсаулық сақтау органдары өкілдерінің қатысуымен пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты - пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға медициналық, жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсету болып табылады.

Мұнан соң, тиісті сала мамандары тарапынан қайта қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық жасамау керектігі турасында жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында азаматтарға әлеуметтік, тұрмыстық, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға қайтарымсыз грант алу, жұмысқа орналасу және өзге де мәселелерге байланысты анықтамалар берілді.

Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

10 шілде 2023 ж. 100 0