Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бір ұжымда – 70 оқырман

Бір ұжымда – 70 оқырман

Шіркейлі ауылындағы «Мәді-Қажы» серіктес­тігінің ұжымы жыл­дағы дәстүр бойынша 2020 жылдың ІІ жар­ты­жылдығына 70 дана аудандық «Тір­шілік тынысы» газетіне жазылды. Осылайша, аудандық мәслихат де­путаты Сейткамал Сұлтанов басқаратын іргелі ұжым аудандық басылымға нақты қолдау көрсетті.
– Басылым – қоғамның айнасы, даму көрсет­кішінің таразысы. Аудан жаңа­лықтарын оқып, біліп, танысып отыру әр адам үшін маңызды. Жыл сайын мін­детті түрде аудандық газетке жазыламыз. Басылымның тұрақты оқырманына айналдық. Аграрлы ауданның егін егумен айналысатыны белгілі. Сондықтан ау­дан­ның әлеуметтік-экономикалық дамуында шар­уашылықтардың ор­ны ерекше. Шар­уашылықтардың жетіс­тігі, ха­лық­ты жұмыс­­пен қамтуы, кәсіпкерлікті ке­ңей­ту бағытындағы жоспарлы жұмыс­тары аудандық газетте тұрақты түрде ақпараттандырылып ке­ле­ді, – дейді серік­тестік төрағасы Сейткамал Абзалұлы.
Газетті оқырмансыз елестету мүмкін емес. Оның ішінде тұрақты оқырманның орны ерекше. Халық қалаулысы Сейткамал Сұлтанов бас­қаратын «Мәді-Қажы» серіктестігінде аудан­дық га­зет­тің 70 оқыр­манының болуы біз үшін қуа­ныш. Алдағы уақытта оқырман саны артады деп сенеміз.
– Жақында аудандық газетте пада ұйымдастырудың тиімділігі туралы мақала жарияланды. Мақалада мал ұрлығының алдын алу үшін пада ұйымдастырудың маңызы жоғары екені жазылыпты. Бұл жөнінде ауылдық қоғамдық кеңесте талқыладық, кеңес мүшелері аудандық прокуратураның бастамасын қолдайтынын атап өтті. Расында да басылым оқырман қауымға ой саларлық дүниелерді ұсынып келеді. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай жақсы дүниелер басылды. Майдангерлердің ерлікке толы өмір­баяндарын оқып, тағы­лым алдық, бейбіт күн­нің қадірін біле түстік, – деген ауылдың белді ардагері Қанатбек Әбілқасымов газет­тің әр нөмірін асыға күтетінін, сәл кешіксе, іздейтінін атап өтті.
Жалпы Шіркейлі ауылында аудан­дық газеттің 228 оқырманы бар. Оқыр­ман­дардың мекен жайына аптасына екі рет аудандық басылым жеткізілуде. Ре­дакцияның Шір­кей­­лідегі маманы Фарида Бисалдың айтуынша, газетті ардагерлер асыға күтеді. Бұл бірлесе атқарылған жұмыстың жемі­сі. Осы ретте газетке жазылған барша шіркейліліктерге және «Мәді-Қажы» серік­тестігінің ұжымына алғыс айтамыз!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ 

16 маусым 2020 ж. 1 120 1

Гүлназ от 18 маусым 2020 02:11
Мен Шіркейлі ауылының әкімшілік округінің орталығы басшысы Мәді-Қажы Ж.Ш алғыс айтамын. Талғат мырзаға жұмыс жасап жатыр. Ауылды қолдан келгенше көркейту көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Халықтың жағдайын ойлап жатқан басшыға тән қасиет бар. Әлде де қаншама ауылдың ішінде жұмыстары бар. Егін мәселе бойынша жүргізіліп жатқан жәй бар. Ауылымызға егіншілік пен мал шаруашылығы мен  ауыз біршілік болсын деп тілеймін. Басшыға отбасына амандық пен бақыт тілеймін. Еліміз тыныш жұртымыз аман болсын. Аспанымыз ашық туымыз жоғары болсын.