Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тұрғындар мәселесі шешімін табуда

Тұрғындар мәселесі шешімін табуда

Аудан әкімі Б. Сәрсенбаевтың ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі кезінде көтерілген медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі бүгінде шешімін тапты.

Бүгінде, аудандық аурухана тарапынан Аманкелді дәрігерлік емханасы ВА200 биохимиялық анализ анықтайтын аппаратпен қамтамасыз етілді.
Аудан орталығынан шалғай орналасқан Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді және Бесарық ауылдық округі тұрғындары биохимиялық қан талдауларын, Аманкелді дәрігерлік емханасына келіп тапсыра алады.

Биохимиялық қан анализаторы кез-келген пациенттің денсаулығы туралы деректерді дереу алуға мүмкіндік береді. Заманауи автоматты анализаторлар өте маңызды параметрлердің бүкіл массасын анықтауға мүмкіндік береді, олардың деректері тез дұрыс диагноз қоюға ықпал етеді.

Ауданымызда халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту мақсатында біршама іс - шаралар жүзеге асырылуда.


16 маусым 2023 ж. 147 0