Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кездесудегі ұсыныс орындалды

Кездесудегі ұсыныс орындалды

2022 жылдың 04 қарашасы күні Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаев Айдарлы, Жетікөл және Аманкелді ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Осы кездесулердің бірі Аманкелді ауылдық округінде болып, ауыл тұрғыны, ардагер ақсақал С.Абсатов кездесуде аудан басшысы М.Ергешбаевқа ұсыныс білдірді. Үй ауласындағы құдықтан бірнеше отбасының төрт - түлігі су ішетінін айтып, сол құдықтың көздері жабылып қалғандығын жеткізді.

Әрбір тұрғынның ұсыныс-пікірі аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының басты назарында және олардың орындалуы бойынша мәжілісте хаттамалық тапсырма берді.

Хаттамалық тапсырмаға сәйкес шұғыл іске кіріскен аудандық жастар ресурстық орталығы мен Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты жастарды тарта отырып, С.Абсатовтың үй ауласындағы құдығын қаздырып, су шығатын көздерін ашып берді.

Аманкелді ауылдық округінің тұрғыны Серікбай Абсатов өз ұсынысының жерде қалмай, дер кезінде орындалғанына алғысын жеткізіп, жастарға сәттілік тіледі.

Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

14 қараша 2022 ж. 630 0