Тұтынушылардың қауіпсіздігі басты назарда

Акция барысында азық-түлік қауіпсіздігін үйде, сауда нысандарында сақтау, тағамнан уланудың алдын-алу, тағам өнімдердің қауіпсізігі, таңбалануы туралы және сапасыз тағам өнімдерінен қорғау, нитраттан уланудың алдын-алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында тұрғындардың ұсынуы бойынша сатып алынған тағамдарының санитариялық нормативтерге сәйкестігін тексеру, көкөністер мен жемістердің құрамындағы нитрат қалдықтарының мөлшерін анықтау, бактериологиялық және паразитарлық зерттеу жүргізу бойынша тегін қызметтер көрсетілді. Іс-шара жоспарын орындау өз жалғасын табады.



