«Тойтарыс – 2023» арнайы-тактикалық оқу жаттығуы өтуде

Оқу-жаттығуға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары тартылуда. Оның аясында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен соғыс уақытында маңызды нысандарды қорғау, диверсияға қарсы операцияларды жүргізу, сондай-ақ соғыс жағдайына дайындық шараларына бақылау-тексеру жүргізілуде.
Әскерлерді бақылаудың бұл түрі аумақтық қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік даярлығын, олардың маңызды нысандарды қорғаудағы мүмкіндіктерін пысықтауға, техника мен қару-жарақтың, жеке құрамның дайындығын, сондай-ақ командирлердің әскери ұрыс кезінде бөлімшелерді басқару қабілетін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығу нәтижесімен қатысушыларға кезекті әскери атақтар беріледі.