10 ардагерді газетке жазып берді
Бүгінде мерзімді баспасөзге жазылу науқаны жүргізіліп, аудандық «Тіршілік тынысы» газетін демеушілік есебінен келесі 6 айлықта жаздырып беру жолға қойылған. Осы орайда, аудандық мәслихат депутаты, «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының құрылтайшысы, Ғафурдин Жанұзақов атындағы Айдарлы ауылдық клуб үйінің директоры Анар Қалдыбаева 10 ардагерді 6 айға «Тіршілік тынысы» газетіне жазып берді. Ауданның жаңалықтар жаршысы бола білген басылымды алдағы уақытта айдарлылық 10 ардагер үзбей оқитын болады.– Біз қашанда ардагерлерді құрмет тұтып, барлық жағдайды жасай білуіміз керек. Отбасында ұл-қызына, немересіне өмірлік жол көрсете білген ақылман қариялар ешуақытта газеттен қол үзбеуі тиіс. Олардың айтқан ақылымен зор жетістікке, толағай табысқа қол жеткізіп келеміз, – деді А.Қалдыбаева.
Осы ретте, біздің тұрақты оқырмандарымызды қуанта білген газет жанашырына зор алғысымызды айтамыз.
«Тт» ақпарат










