Жас ұстаз «Еnergizer- ұстаз» атанды

Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жалпы 57 жас педагогтар қатысты.
Аталған білім бәсекесіне Сыр өңірінің атынан 3 педагог қатысып, Сырдариялық жас ұстаз, №42 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Төлеген Піржан Ержанұлы «Energizer - ұстаз» номинациясын иеленді.
Білім саласында жас болса да белсенді жұмыс жасап, шәкірт тәрбиелеп жүрген жас жеңімпазымызды жоғары жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Отбасына амандық, деніне саулық, жұмыстарына табыс тілейміз.
Әркез ауданымыздың жастарымен мақтанамыз.
Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы
жастар ресурстық орталығы