Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аманкелділік ұстаз облыстық байқау жеңімпазы

Аманкелділік ұстаз облыстық байқау жеңімпазы

Қызылорда облыстық оқу орталығының әдістемелік кабинеті жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз – 2023» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқау Қызылорда қаласы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты: өзінің кәсіби инновациялық идеяларын ұсына алатын талантты, шығармашыл жас педагогты анықтап, кәсіби шеберлігін шыңдау.

Облыстық кезеңіне (аудан, қала) үздік деп танылған 10 жас маман қатысты. Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. І кезең «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу. ІІ кезең: «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру. ІІІ кезең: «Ашық сабақ» бейтаныс сыныпта 45 минут сабақ өткізу.

Байқау нәтижесі бойынша №42 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Піржан Төлеген І орын иеленді.

Жеңімпаз ұстазымызды жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылықтың тек биік шыңдарынан көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз!

Таңшолпан ШАНЖАРХАНОВА
10 наурыз 2023 ж. 431 0