Менің атам қаһарман
9 мамыр – ақ жаулықты ананы баласымен қарындасты ағасымен, ошақ басындағы әйел затын- аяулы жарымен бесіктегі бейкүнә сәбиді асқар таудай әкесімен қуанышқа кенелте отырып қауыштырған айтулы күн. Бүгінде Ұлы Отан Соғысының аяқталғаны санмыңдаған жылдар өтті. Десе де, аяулы халқымыз отан үшін жан берген боздақтар ерлігін мәңгі есте сақтап, болашақ ұрпаққа өнеге етпек.
Ерлік пен батырлық, отанға деген махаббат сыналған уақытта батырларымыз өз жандары үшін емес, ел мен жер үшін күресті. Бүгін міне, жыл сайынғы ұлы мерекеміздің уақыты келді. Қан майданда жан берісіп күрескен әрбір батырымыз мәңгі жүректе, ел есінде. Сол ержүрек жандардың бірі менің үлкен атам- Абдраманов Абсаттар. Атам 1924 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Мектеп қабырғасын аяқтағаннан кейін, 19 жасында майданға жол тартады. Алғашында мина іздеуші қатардағы сарбаз, кейіннен рота командирі болған. 1943 жылы 61-атқыштар отрядын аяқтап, бөлім командирі болады.

1945 жылы Берлин түбіндегі шайқаста, жау әскерін тұтқындап марапатталады. Сұрапыл шайқастан кейін жолдастарымен бірге жеңіс туын желбіретіп аман -есен елге оралған екен. Отанға оралғаннан кейін де, қол қусырып отырмай еңбек жолын жалғастырған.
Бүгінде атамның көзі тірі болмасада , үйіміздің төрінде қайратты жүзі бейнеленген суреті ілулі тұр. Сонымен қатар ерен еңбегі үшін марапатталған медальдары қаламыздың мұражайында сақтаулы. Мұражайға барған сайын ардақты жанның суреттерімен медальдарын қуана іздейміз. Қаһарман атам бар менің!
Еркеназ ӘБДІҒАППАР
Майдангердің шөбересі
Майдангердің шөбересі