Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас түлектер ағаш отырғызды

Жас түлектер ағаш отырғызды

Аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атын­­дағы мектеп-лицейі – кенттегі ең ірі білім орда­ларының бірі. Мұнда білімге құштар, талай бәйгеден суырылып алға шыққан талантты оқушылар білім нәрімен сусындауда. Ұлағатты ұстаздардан сапалы білім мен тәрбие алып жатқан биылғы жылдың мектеп бітірушілері өнегелі істің басынан табылды.

Жас түлектер ерте көктем­де жылдағы дәстүр бойынша мектеп-лицей ауласына ағаш отырғызуға мұрындық болды. Мектеп-лицейден биылғы оқу жылында ұшқалы тұр­ған шәкірттер, атап айтқанда 11 «в» сыныбының біті­ру­ші тү­лектерінің сынып жетекшісі Шолпан Палмахованың ұйым­дастыруымен ізгі іс-­шараға қа­тысты.

Жас түлектерге білім ор­да­­сының ауласын көгалдан­ды­руға, «Түлектер аллеясы­на» ағаштар отырғызуға ата-­аналары қолдау білдірді. «Тү­­лектер аллеясына» осы күні әр­бір­ мектеп түлегі жаңа туя қыл­қан жапырақты ағаш­тарын отырғызды. Қолдарына күрек пен шелек алып, жас ағаш­тарды мәпелеп, тілектерін айтып отырғызған түлек­тердің ізгі ниеттеріне мектеп-лицей ди­ректоры Жанар Төреқұлова да қолдау көрсетті. Мектеп бас­шысы оқушы­лар­мен бірге игілікті іске мұрындық болды.

– «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жыл­дығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ой­ла­ған халық саналы ұрпақ тәр­биелейді» деген қазақта да­налық сөз бар. Міне, бү­гін мектеп түлектері сынып жетекшілерімен бірге жақ­сы істің басынан табылды. Жыл­дағы дәстүрмен мектеп-ли­цей ауласын жасыл желекпен көгалдандыруға атсалыс­ты. Жас ағаштармен бірге түлектеріміздің де арманы өсіп, асқақтай берсін. Алдағы білім сынағынан жоғары балл­мен өтіп, әрқайсысы білім гран­тын иеленсін, – дейді мек­теп-лицей директоры Жанар Төреқұлова.

Ұлағатты ұстаздардан бі­лім нәрімен сусындап, алысқа қарап қанаттанған алтын ұя мектептің түлектеріне, өнегелі істің иелеріне біз де сәттілік тілейміз.

«ТТ» ақпарат
22 сәуір 2023 ж. 470 0