Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

№93 газет

25 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Салауатты өмір салтын ұстану – денсаулық кепілі

Салауатты өмір салтын ұстану – денсаулық кепілі

Өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден қорғау, оларды салауатты өмір салтына дағдаландыру мектеп оқушылары арасында тұрақты түрде жүргізіледі.

Бұған себеп соңғы жылдары қоғамда денсаулыққа зиян әкелетін тағамдардың көптеп тұтынылуы медицина саласының мамандарын алаңдатып отыр. Сонымен қатар газды сусындардың да орасан зор зиян екені белгілі болса да, оны пайдаланушылар өзін шектеуге асығар емес. Қайта әдетке айналдырып, газды сусынды пайдаланбаса тұра алмайтын жағдайға жеткені жасырын емес.

Күздің екінші айында "Белсенді бол да, салауатты өмір салтын ұстан!" ақпараттандыру айлығы жарияланып, салауатты өмір салтын насихаттаушы мамандар іс-шара өткізуді бастап кетті.

Жақында осы айлық аясында Шіркейлі ауылы 129 Ə. Жəмішев атындағы мектеп - лицейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Г.Жанәлиева мен аудандық жастар денсаулығы орталығының мамандары А.Молдашова мен Д.Алашбаева зияңды əдеттердің алдын алу мақсатында тренинг өткізіп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Маман оқушыларға денсаулықты сақтау, жаман әдеттерден жирену, спортпен шығылдану, дұрыс тамақтану тақырыбында әңгіме жүргізді. Оқушылар тарапынан қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Мұндай шара ақпараттандыру айлығы барысында жалғасатын болады.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
09 қазан 2019 ж. 1 381 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам