Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Үздік математика пәні мұғалімі-2023" байқауы өтті

"Үздік математика пәні мұғалімі-2023" байқауы өтті

2023 жылы 12 сәуір күні №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында аудандық білім білімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын, талантты мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және тәжірибесін тарату, математика пәні мұғалімінің мәртебесін көтеру мақсатында "Үздік математика пәні мұғалімі-2023" байқауы өткізілді.

Байқау 3 кезеңді қамтыды:

1тур "Бір сабақ-бір әлем" - ашық сабақ өткізу.
2тур "Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы"

3тур "Білімді мыңды жығар..."

Байқау барысында қатысушылар №35 мектеп-лицейдің оқушыларына ашық сабақ өткізді, педагогикалық тәжірибесінде жасаған авторлық бағдарламасымен, оқу-әдістемелік көмекші құралымен, тәжірибесінде оң әсер еткен, таратуға лайықты педагогикалық идеясымен, математика пәнінен олимпиадаға, ҰБТ-ға дайындаудан тиімді лайфхактарымен бөлісті. Мұғалімнің кәсіби сауаттылығын анықтау, өз пәнін меңгеруін, ойлау қабілетінің шапшаңдығын анықтау мақсатында бір есепті белгіленген уақытта шығарды

Байқау нәтижесі бойынша №139 орта мектебінің мұғалімі Е.Шайхысламов бірінші орын, №135 орта мектебінің мұғалімі Ш.Райымбекова мен №36 мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Адильбекова екінші орын;

№126 орта мектебінің мұғалімі .Жорабекқызы мен №131 орта мектебінің мұғалімі А.Жақсылықова үшінші орын иеленді. Жүлделі орындар алған мұғалімдер аудандық білім бөлімі басшысы мен кәсіподақ комитетінің арнайы дипломдарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық байқауға қатысатын Шайхысламов Ерсұлтанға сәттілік тілейміз!

13 сәуір 2023 ж. 173 0