Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы өтеді

«Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы өтеді


Облыстық "Ақмешіт жастары" газетінің  ұйымдастыруымен «Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы өтеді.

Байқаудың мақсат-міндеттері:
1) Кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтарды анықтау;
2) Білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау;
3) Мұғалімдердің үздік іс-тәжірибесін тарату, кеңінен насихаттау;
4) Мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.
 Байқаудың шарттары:
Куәлік көшірмесі мен сапалы түрлі-түсті 3/4 суреті.
Байқау критерилері:
Конкурсқа қатысу үшін ұстаз өзінің инновациялық білім беру технологияларының бірін қолдана отырып, "Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс"  тақырыбында 3-4 минуттық бейнеролигын ұсынады. Бейнероликті мамыр айының 1-не дейін көрсетілген мекен-жайға жіберуі тиіс.
Байқаудың өту уақыты: 
2018 жылдың мамыр-маусым  аралығында өтеді.
 Конкурсқа келіп түскен материалдарды редакцияның арнайы комиссиясы іріктеп қарайды. Сондай-ақ басылым сайтында "дауыс беру" арқылы анықталады. Іріктеуден ең үздік деп танылған ұстаздар редакцияның арнайы  мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жұмыстарыңызды aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru электронды почтасына немесе Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4, "Сыр Медиа" мекемесінің 314 кабинетіне жолдаңыздар.
Байқаудың нәтижелері басылым сайтында жарық көреді.
Байқау ақысыз түрде өтеді.
Байланыс үшін: 
8(7242) 40-06-71
8(7242) 70-10-69
87076120393
10 сәуір 2018 ж. 2 206 1

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 13:33
Depakote Online Kamagra Review cialis price Cialis Caducado