Білім бөлімінің кеңейтілген мәжілісі өтті
Білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібековтың төрағалығымен кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандағы барлық мектептің директорлары мен оқу орынбасарлары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
2022-2023 оқу жылы қаңтар айындағы ҰБТ–дің қорытындысы және ҰБТ-ге мектеп бітірушілердің дайындық жұмыстары туралы;
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытындысы;
4-9 сынып оқушыларының жаратылыстану пәндерінің білім сапасы;
Педагог кадрлардың мәселесімен, аттестацияға дайындық барысы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша терең талдаулар жасалынып, талқыланды.
Білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков мектеп басшыларына білім сапасын көтеру, бақылау мен басшылық жұмыстарын күшейту, педагогтарды аттестациядан өткізу бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалуы қатаң бақылауда болатындығы ескертілді.
Сонымен бірге балалар қауіпсіздігін сақтау, бюджет қаржысын мақсатты заңдылыққа сәйкес жұмсау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Ердос БЕРКІНБАЕВ