Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аппарат мәжілісі өтті

Аппарат мәжілісі өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, меншік түріне қарамастан аудандағы мекеме басшылары қатысты.

Бүгінгі мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары және ауданның 9 айдағы әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері туралы.

Ең алдымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Қаратаев Мақсұт Амануллаұлы баяндама жасады.

Мақсұт Амануллаұлы өз баяндамасында аудандағы жұмыссыздық деңгейі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы туралы кеңінен мәлімет берді.

Ауданда жаңадан жұмыс орындарын ашу жоспары бойынша 2156 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, бүгінгі күнге оның орындалуы 1515 яғни 70,3 пайыз, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының жоспары 1035 оның бүгінгі күнге орындалуы 502-сі яғни 48,5 пайызды құрап отыр.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауданның 9 айдағы әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері туралы хабарлама жасау үшін сөз, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахетов Ерлан Дәуітбекұлына берілді.

2022 жылдың 9 айындағы қорытындысы бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштер орындалып, Сырдария ауданы облыста үздіктер қатарында.

Мәжіліс соңында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.
20 қазан 2022 ж. 443 0