СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ
Сырдария ауданында балабақшадағы мазмұнды, педагог кадрлардың біліктілігін және жалпы қауіпсіздік мәселелерін реттеу үшін құрылған облыстық жұмысшы топтың кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжіліске облыстық білім басқармасының, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар" Сырдария аудандық орталық ауруханасының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, балабақша меңгерушілері, жеке балабақша құрылтайшылары, білім бөлімінің мамандары және облыстық жұмысшы топтың мүшелері қатысты.
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев ашып, жүргізіп отырды.
Мәжіліс барысында сала мамандары мектепке дейінгі білім беру ісін жетілдіру бағытында баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты.
Жиын соңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердәулетов сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Мәжіліс аясында аудан балабақшалары арнайы көрме ұйымдастырып, бала тәрбиелеу ісіндегі жетістіктерін таныстырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.