Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаларға қуаныш сыйлады

Балаларға қуаныш сыйлады

Балалар жылының қорытындысы есебінде әрі Жаңа жыл қарсаңында Сырдария аудандық маслихатының депутаты, «БАҚ» шаруа қожалығының төрағасы Серік Әбжалиев ауыл балаларына қиял-ғажайыпқа толы сый тарту етті.

Серік Әбжалиевтің демеушілігімен ауыл клубында «Сырғалым» той орталығы «Алақай-Малақай» аниматорларының «Гарри Поттердің сиқырлы әлемі» тақырыбындағы Жаңа жылдық кеші көрсетілді. Жаңа жылдық ертегіні «Гүлдер» бала бақшасының бүлдіршіндері, №126 орта мектебінің мектеп алды даярлық топтарының, бастауыш сыныптарының оқушылары тамашалап, Гарри Поттердің сиқырлы таяқшасымен ертегілер әлемін шарлады. Аяз ата мен Қарша қыз, зұлым сиқыршы Лорд Волдеморт, Маша мен аю, қоян,т.б. кейіпкерлермен би билеп, ойындар ойнады, балалар ертегі әлемі кейіпкерлерімен бірге болды.

Жаңа жылдық тақпақ айтқандары Аяз атаның қоржынынан шыққан тәттілерден дәм татты. «Сырғалым» той орталығының жетекшісі Баян Бектұрғанова осындай шоуды ауыл балаларына сыйлағаны үшін ел ағасы Серік Әбжалиевке ризашылық білдірді. Ертегі қойылымы балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
23 желтоқсан 2022 ж. 358 0