Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ


Бүгін аудан орталығы Тереңөзек кентінде аудан әкімінің оқуда озат, өнерлі және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды.
Дәстүрге айналған думанды іс-шараға жыл бойы түрлі жарыстарға қатысып, жеңіске жеткен озат оқушылармен қатар, көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан көңілі ақ, ниеті пәк балалар шақырылды.
Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің кеңесшісі Б.Өтегенова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы сөз сөйлеп, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары театрландырылған қойылымдар қойып, балаларға қуаныш сыйлады.
Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақша қар тақпақ айтып, өз өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестіріп, түрлі ойындар ойнатты.
Шара соңында оқушыларға аудан әкімінің атынан сыйлықтар берілді. Концерттік бағдарламадан кейін балалар аудан әкімінің ең тәтті сыйлығы торттан ауыз тиді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
28 желтоқсан 2018 ж. 1 105 0