Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «СИҚЫРЛЫ КІЛТ» ӨЛКЕТАНУ ТУРЫ БАСТАЛДЫ

«СИҚЫРЛЫ КІЛТ» ӨЛКЕТАНУ ТУРЫ БАСТАЛДЫ


«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманованың жаңа туындысын кеңінен таныстыру мақсатында «Сырдария» балалар тынығу лагерінде «Сиқырлы кілт» өлкетану туры өтті.
Өлкетану туры барысында С.Әбдірахманованың жаңа анимациялық фильмінің таныстырылымы болды. «Сиқырлы кілт» анимациялық фильмінде Қызылорда облысының тарихы мен бүгінгі күнгі жетістіктері бала тілімен баяндалады. Ұлттық тәрбиенің қайнаркөзі үлкенге құрмет көрсету, досқа адалдық секілді қасиеттер дәріптеледі. Сондай-ақ жасөспірімдерге армандай білу, мақсат қою, сенім білдіру, табысты болу секілді мотивациялық кеңестер айтылады. Бұл – мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ең қажетті тәрбие.
Анимациялық фильмді дайындауға мектеп оқушылары қатысып, рольдерді сомдады. Фильмнің саундтрегін автордың өзі жазған. Шығармашылық топқа Bilim Fondation қоғамдық қоры 1 млн. теңге көлемінде демеушілік жасады.
Анимациялық фильмнің тұсаукесер турына Сымбат Әбдірахманова және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Ә.Әбдіхалықова қатысты. Мультфильм туралы кеңінен ақпарат беріп, тәрбелік мәнін аша түсті. Балақайлардың Сымбатқа деген ықыласы ерекше болды. Туындыны да ерекше қызығушылықпен тамашалады.
Алдағы уақытта «Сиқырлы кілт» туры «Қамбаш» сауықтыру және қосымша білім беру орталығында, «Шағала» балаларды сауықтыру-демалыс орталығында, облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында, «Ақтерек», «Жалын», «Сыр ұланы», «Тау самалы» секілді балалар сауықтыру лагерінде де көрсетілетін болады. Тур нәтижесінде мектеп оқушылары Сыр өңірінің Арал, Қазалы, Жалағаш, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының тарихымен, танымал тұлғаларымен, олардың елі үшін жасаған жұмыстарымен танысады.                                                                                                                                  
05 шілде 2018 ж. 923 0