Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Президенттік шырша мерекесі өтті

Президенттік шырша мерекесі өтті

Білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткізілетін «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа жылдық шыршасы өтті.

3 блоктан тұратын жаңа жылдық шырша шарасына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов арнайы қатысып, балаларды жаңа жылдық мерекемен құттықтады.

Шырша шамын жағуға жиналған оқушылар Аяз ата мен Ақша қарды ерекше қуанышпен қарсы алып, түрлі қойылымдағы ән мен би өнерін тамашалады.

Жаңа жылдық мерекеге 9-13 жастағы жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, анасы мүгедек отбасының балалары, аз қамтамасыз етілген және көп балалалы отбасылардың балалары арасынан оқу озаттары, дарынды 200 бала қатысты.

Түрлі анимациялық бейнелердің киімін киіп, көтеріңкі көңіл күймен жаңа жылды қарсы алған оқушылар ертегілер еліне саяхаттап, сый-сияпатқа кенелді.

25 желтоқсан 2019 ж. 1 689 0