Алаяқтан сақ болыңыздар!
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқық алу.
Қазіргі жағдайда мемлекеттен тиісті шаралар қабылдауды талап ететін алаяқтықтың жаңа схемалары үнемі ойлап табылуда.
Компьютерлік технологиялар мен желілік технологияларды кеңінен енгізу нәтижесінде компьютерлік техниканың техникалық құралдарын қолдана отырып, алаяқтық шабуылдардың үлесі артып келеді.
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін тез арада материалдық жағдайды көтеру мақсатында ұсыныстар мен мүмкіндіктерге келіспеуге шақырамыз.
Егер таңыстарыңыз немесе бейтаныс адамдар: «сыйақыға жұмысқа орналастырып беремін, мемлекеттік бағдарламалармен немесе жеңілдік арқылы пәтер, несие, жер телімін, арзан автокөлік алып беремін, балдарыңызды балабақшаға орналастырамын және өздерін банк қызметкері болып таныстырып шоттарыныздағы ақша аударымы бойынша SMS хабарламадағы код нөмірін сұрайды, басқа да сол сияқты қызметтер көрсетемін» - деген ұсыныстар жасаса, мұндай келісімдерді заңгердің көмегі арқылы жасау қажеттігін назарыңызға жеткіземіз.
Алаяқтар әртүрлі тәсілдерді пайдалана отыра сенімге кіріп, алаяқтық жолмен ақша қаражаттарыңызды иемденіп кетуі мүмкін.
Ақпаратты жақындарыңыз бен таныстарыңызға жеткізіңіз, өйткені тек қана өзіміздің күшімізбен мүлкімізді қылмыстық қолсұғұшылықтан қорғай аламыз.
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі