Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсұт ҚАРАТАЕВ, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы: Әлеуметтік ахуал тұрақты

Мақсұт ҚАРАТАЕВ, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы: Әлеуметтік ахуал тұрақты

Сырдария ауданында әлеуметтік сала мәселелерімен жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі айналысып келеді. Пандемия уақытында халық тұрмысына зерделеу жұмысы жүргізіліп, саладағы кез келген түйіткілді дүниелер уақытылы шешімін табуда. Бүгінде қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатқан бөлімнің қызметі сан тарауға бөлінеді. Өз кезегінде осысалада атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде бөлім басшысы Мақсұт Қаратаевпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

– Мақсұт Амануллаұлы, ең алдымен көпшілік көкейінде жүрген аудандағы жұмыссыздық мәселесі жөнінде айта кетсеңіз.

– Аудан бойынша есепті кезеңде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жоспарға сәйкес, бірқатар жұмыстар атқарды десек болады. Ең бірінші кезекте, жергілікті халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту қашанда басым бағыттарға ие. 2021 жылдың 1 наурызына дейін жұмысқа орналасу мәселесімен 440 тұрғын хабарлас­ты. Ал 343 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Өз кезегінде қоғамдық жұмыстарға 460 адамды тарту үшін республикалық бюджеттен 223202,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 80937,0 мың теңге қаржы қаралды. Биылғы жылдың 1 наурызына дейін 345 адам қоғамдық жұмыспен қамтылып отыр.

– Мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі шешілген бе?

– Біздің негізгі міндетімізге – мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыссыздық деңгейін азайту көзделген. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» 60 адамға облыстық бюджеттен 18735,0 мың теңге қаржы қаралып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мамандықтар тізбесін бекіту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге екінші бағыты бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігіне жоспарланған 200 адамға республикалық бюджеттен 116680,0 мың теңге қаржы қаралған. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына аудан бойынша 200 адамды оқыту жоспарланып отыр. Бағдарламаның «Шағын несиелендіру» тетігі бойынша 100 адамды қаржыландыру көзделуде. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 25 адамды қамтуға республикалық бюджеттен 12750,0 мың теңге қаржы қаралып, 1 наурызға 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

Шын мәнінде, жас кадрларды да­йындау маңызды рөлге ие. Олар болашақ еліміздің тұтқасын ұстайтын тәжірибелі мамандар болуы тиіс. Осы мақсатта «Жас­тар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 150 адамға 65633,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 25 адамға 10939,0 мың теңге қаржы қаралып, барлығы 175 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. 1 наурыздағы мәлімет бойынша 36 адам жас­тар тәжірибесіне жолданды.

– Жергілікті халықты әлеуметтік қорғау бойынша бөлім тарапынан қан­дай жұмыстар атқарылды?

– Тұрғындарды әлеуметттік көмекпен қамтамасыз ету шаралары күн тәртібінен түспейді. Аудан бойынша 2021 жылдың 1 наурызына дейін 186 отбасына (991 адам) 13011,7 мың теңге тағайындалып, оның 179 отбасына (952 адам) төленді. Мұнан бөлек 38 отбасына (188 адам) 683,9 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді. Сонымен қатар туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақ­тануға биылғы жылға облыстық бюджет­тен 8401,0 мың теңге қаралып, 1 наурызға дейін 31 адамға 1633,5 мың теңге төленген.

Бұл ретте, кепілдендірілген әлеуметтік пакетке республикалық бюджеттен 44820,0 мың теңге қаралғандығын айта кеткен жөн. Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы мемлекеттік сатып алуға жергілікті кәсіпкер «Омарова М.» ЖК-мен келісім-шарт жасалып, ағымдағы жылдың 1 наурызына кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1-3 жас аралығындағы 83 балаға, 3-6 жас аралығындағы 121 балаға азық-түлік, 1-6 жас аралығындағы 204 балаға тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы таратылды.

– Атаулы әлеуметтік көмек азаматтарды масылдықтан арыл­та ала ма? Олардың арасында жұмысқа қабілеттілері бар ма?

– Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 118 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Елдегі ахуалға байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың 1 наурызына демеушілер мен еріктілер тарапынан 84 отбасыға 1173,0 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілді.

– Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақ­сарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз?

– 2021 жылдың 1 наурызына дейінгі мәлі­метке сүйенсек, ауданда барлығы 1377 мүмкіндігі шектеулі жандар есепте тұрады. Жыл басынан бастап «Жеке оңалту» бағдар­ламасына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандардың техни­калық оңалту құралдары мен қызмет түрлері «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы көрсетілуде. Бүгінгі күнге портал арқылы 175 мүмкіндігі шектеулі жандарға тапсырыс берілді. Оның ішінде, 8 санаторий-курорттық емделу, 3 сурдотифло техникалық құралдар, 47 міндетті гигиеналық құралдар, 106 жеке көмекші, 11 ымдау маманының қызметі бар. Аталған тапсырысты мүмкіндігі шектеулі жандар өз­дерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы порталда таңдау жасау арқылы бере алады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың жеке бағдар­ламасы бойынша 2021 жылдың 1 наурызына барлығы – 463 жеке оңалту бағдарламасы орындалған. Мүмкіндігі шек­теулі жандар үшін кедергісіз ортаны қам­тамасыз ету бағытында аудан бойынша 95 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына түгендеу мен паспорттау жұмыстары жүргізіліп, 53 мекемеге бейімдеу шаралары жүргізілді. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға 2021 жылға жергілікті бюджеттен 107 мүгедекке 68844,0 мың теңге қаралып, 1 наурызға 103 жеке көмекшіге 8894,2 мың теңге игерілді. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған «Инватакси» қызметіне облыстық және жергілікті 5786,0 мың теңге қаралған. 1 наурызға инватакси қызметі бойынша 11 мүмкіндігі шектеулі жандардан 19 тапсырыс қабылданып, 403,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Естуі бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға ымдау тілі маманы қызметін ұсынуға республикалық және жергілікті бюджеттен 4415,0 мың теңге қаралған. Портал арқылы ымдау тілінің 1 маманы 11 мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет ұсынылып, 1 наурызға 542,6 мың теңге қаржы жұмсалған. Бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы және уақытылы орындалуы қатаң бақылауға алынып, жоспарға сәйкес, тиісті бөліктері кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

– Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі ауданда толықтай шешімін тапқан ба?

– 2021 жылдың наурыз айына дейін аудандық пробация қызметінің есебінде 40 адам тіркеуде тұр. Арнайы квота бойынша 8 жұмыс орны белгіленген. Есепті кезеңде Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде 12 адам хабарласты. Оның ішінде, 1-і тұрақты жұмысқа (квота бойынша), 4-і қоғамдық жұмысқа орналасса, 1 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленуде. Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, есепті кезеңде 1 азамат жұмыссыздар есебінен шығарылды. Негізінен, пробация қызметін қызметін үлестіру бойынша тиісті іс-шаралар бөлім тарапынан қабылданады. Жос­пар бойынша «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші органдар қамтылған.

Сұхбаттасқан
Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
30 наурыз 2021 ж. 993 0