Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 825 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

825 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Аудан бойынша есепті кезеңде жұ­мыс­пен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 2956 адам хабарласып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2417 азамат қамтылды, оның ішінде, 825 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» кәсіп­керлік негіздері курсына аудан бойынша 180 адамды оқыту жос­парланып, оқуға ниет білдірген 635 адам тіркелді. 263 адам оқуға жолданды, оның ішінде, 63-і жастар, 6-ы мүмкіндігі шектеулі жан, 17-і көп балалы ана. 2021 жылдың 15 қарашаға 232 адам оқуды аяқ­тады.

«Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемле­кеттік гранттар беру» тетігі бойынша 137099,0 мың теңге қаржы қаралып, 235 адам грант иегері атанды. Оның ішінде, 99-ы өзін-өзі қамтығандар, 112-і жастар, 2-і мүмкіндігі шектеулі жан, 22-і АӘК алушы азаматтар.
Бағдарламаның «Шағын несиелендіру» тетігі бойынша 74 адамға 355,7 млн теңге қаржы берілді. Ал үшінші бағыты бойынша «Әлеуметтік жұмыс орында­рына» 25 адамды қамтуға қаржы қаралып, 19 адам келісім шарт бойынша тұрақты жұмысқа орналас­ты. «Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 150 адамға қаржы қаралып, барлығы 175 адамды жұмыспен қамту көз­деліп, жастар тәжірибесіне жолданды. 830 адам қоғамдық жұмыс­пен қамтылды. Жалпы, 2021 жылға 1149 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. Есепті ке­зеңде 1984 жаңа жұмыс орындары ашылып, көрсеткіш артығымен орындалды. 2021 жылға атаулы әлеу­мет­тік көмекке жергілікті бюджеттен 31846,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 86931,0 мың теңге, әлеуметтік кепілдендірілген пакетке 14561,0 мың теңге қаржы қаралған. 2021 жылдың 15 қарашасына 344 отбасына (1832 адам) 75537,2 мың теңге атау­­лы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Ауылдық елді мекендерде тұ­ратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, ветеринария және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2557 адамға 29835,1 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту бойынша жұмыстар өз  жалғасын табуда. Аудан бойынша жалпы мүгедектер саны 1356 болса, оның ішінде I топ – 312, II топ – 331, III топ – 499, 16 жасқа толмаған мүгедек балалар – 214. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке оңалту бағдарламасына сәй­кес мүгедектердің техникалық оңалту құ­ралдары мен қызмет түрлері «Әлеуметтік қызметтер порта­лы жүйесі» арқылы көр­сетілуде. Есепті кезеңде мүгедектерді оңал­тудың жеке бағдар­ламасы бойынша – 791 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.
2021 жылға жергілікті бюджеттен мем­лекеттік әлеуметтік тапсырыс шең­берінде қоғамдағы маңыз­ды әлеумет­тік жобаларды жүзеге асыру барысында іс-шараларды ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған жұмыстардың нә­тижесімен ардагерлер бойынша жеңім­паз болып танылған «Қазақстан Жастар Фракциясы» қоғамдық қорымен Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен 32 азаматқа 180,0 мың теңгеге азық-түлік себеті таратылды.

«Nur Otan» партиясының Сырдария ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 3.2 бөлігіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету үшін аудан бойынша 2025 жылға дейін 160 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына түгендеу мен паспорттау жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Биыл бе­йімделуі қажет 32 нысан жоспарланып, 32 объекті талапқа сай болуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, «Интерактивтік қол­жетімді карта» ақпараттық жүйесіне тиісті деректер уақытылы енгізілді. 
Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау бойынша «Инватакси» қызметіне облыстық және жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға мемлекеттік сатып алу­ бойынша 4440,0 мың теңгеге шарт жа­салып, 103 мүгедектен 157 тапсырыс қабылданып, 3647,0 мың теңге игерілді. Жеке оңалту бағдарламасы бо­йынша жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға жергілікті бюджеттен 107 мүгедекке 113257,0 мың теңге қа­ралып, 107 жеке көмекшіге 86567,1 мың теңге игерілді.
Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жыл­дың 31 желтоқсанында «2021 жылға мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №306 қау­лысы бекітіліп, ағымдағы жылға квота бойынша 11 мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұ­­мыспен жоспарланып, мүгедектер квотасы то­лық орын­далды. Ау­­дан әкім­дігінің «2021 жыл­­ға жұ­мыс орындарына квота белгілеу туралы» №271 қаулысымен пробация бағыты бойынша 8 жұмыс орнына квота бекітілді. Квота санын ұлғайту мақ­сатында қосымша 2 жұмыс орнына квота бе­кітіліп, жоспарланған 10 квота толық орындалды.

2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және пробация қызметінде есепте тұратындарды қайта әлеуметтендіру, қайта оңалту ор­та­лығының жұмысын ұйымдастыру мақ­са­тын­да әлеуметтік жоба әзірленіп, нә­ти­жесінде «Ал­ғыр ой» коммерциялық емес жеке қоры жеңімпаз болып табылды. Атал­ған өнім берушімен 1100,0 мың теңге­ге келісім шарт жасалды.

Бөлім тарапынан атқарылған жұмыстар жергі­лікті басылымға жарияланып, әлеу­меттік желіде ақпараттандырылуда. Жұ­мыс­сыздық және халықты әлеуметтік қор­ғау салалары бойынша жос­пар жыл соңына дейін толығымен орындалатын болады.

М.Қаратаев,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы
04 желтоқсан 2021 ж. 553 0