Маңызды мәселелер талқыланды
Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2021 жылдың II тоқсандағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші органның, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясының, сондай-ақ адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссия отырыстары өтті. Пандемияға сәйкес сақтық шаралары қатаң сақталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев төрағалық етті.
Маңызды іс-шарада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оларды оңалту және салауатты өмірге ынталандыру шаралары туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар жалақылары төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, олардың жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Одан бөлек, ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» конкурсы туралы» Жарлығына сәйкес, 2021 жылы ұйымдастырылатын «Парыз-2021» байқауына қатысушыларды кеңінен тарту мақсатында аудан деңгейінде ынталандыру үшін кешенді шаралар қабылдау туралы сөз болды. Аталған мәселелер бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын шаралар, міндеттер күн тәртібінде қарастырылды.
Жиында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаев, Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев, Сырдария аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны А.Сақыбеков, жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі А.Мұстафаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Ашықбаев баяндама жасап, маңызды мәселелелерді қозғады. Күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, тиісті тапсырмалар жүктелді.
«Тт» ақпарат