Дарынды ұстазға – талантты шәкірт
Ұстаздық қызметте адам бойындағы дарындылық қасиет білімді болуға жол ашады. Ағартушылық саладағы орасан еңбектің жемісі жылдар бойы жинақтаған тәжірибе мен мол ізденістің арқасында келетіні сөзсіз. Қазіргі уақытта оқимын деген жанға барлық жағынан мүмкіндік зор. Көштен қалмай, бәсекеге қабілетті бола білген дарынды жас ұстаз Асқар Жылқаев өзі қалаған мамандықты меңгеруге талпынып жүр. Бүгінде биология пәнінен шәкірттерге сабақ беретін жас ұстаздың қол жеткізген жетістігі көп.
Бір жылдары Польша мемлекетіндегі Лодзь университетінің түлегі атанған Асқар Жылқаев – Нағи Ілиясов ауылының тумасы. Кішкентайынан оқуға құштар болған ол №132 Түймебай Айтбаев атындағы орта мектепте білім алған. Мектеп қабырғасында көптеген білім бәсекесінде жеңімпаз атанған білімді жас 9-сыныпты үздік аяқтап, Қызылорда медицина колледжіне оқуға түседі. Медицина саласы бойынша білімін жетілдіргенімен, арманы асқақ Асқар Баратбекұлы ақ халатты абзал жандар сапында көп уақыт болмайды.
– Негізінен, бала кезімізден алдымызға зор мақсат қоя білсек, бағынбайтын белес болмайды екен. Біршама уақыт бойы хирург, әртіс, мұғалім болуды арман еттім. Ең алдымен, медицина бойынша білім алған мен үшін адам денсаулығына байланысты көптеген ғылыммен, іліммен айналысу мүмкіндігі туды. Кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздардан дәріс алдым. Дипломымды қолға алған сәттен Қызылорда қаласындағы №6 емханада алғашқы еңбек жолым басталды. Дегенмен, жаныма жақын болған ұстаздық қызметте бағымды сынауға бел будым. Осылайша, осыдан 5 жыл бұрын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне қарасты «Жаратылыстану» факультетінің «Биология» мамандығына оқуға түскен болатынмын. Бұл ретте, алтын ұя мектебімде білімге баулыған ұстаздарымның еңбегі зор, – дейді жас ұстаз.
Болашағынан зор үміт күттіретін жерлесіміз өзінің мықтылығын танытып, «Даму» банкі мен сол кездегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен республикалық «Zhas Project» халықаралық қайта құру және жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпазы болған. Өз кезегінде білімді жас Сыр шаһарында осал топ өкілдерін қамти отырып, мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жастарға, студенттерге тегін компьютерлік қызмет көрсететін «Alma» көшірме орталығына жетекшілік жасаған. Бүгінде Асқар Жылқаев №3 Серғали Толыбеков атындағы ІТ мектеп-лицейінде биология пәнінен сабақ береді. Өткен жылы жас маман «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-на қарасты педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Жаратылыстану және биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курсын сәтті аяқтаған.
– Ұстаз қашанда кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп және өзін барлық жағынан дамытып отыру керек. Қоғамға икемділік соңғы жаңалықтардан хабардар болу – маңызды рөл ойнайды. Қай кезде де, «трендтен» қалмай, оқушылардың сұранысын қанағаттандыра білген абзал. Өзім еңбек ететін мектеп-лицейде ІТ бағыты жақсы жолға қойылған. Білім ошағында бағдарламалау мектебі, робототехника, телестудия бар. Сонымен бірге оқушыларға арналған өнер, спорт үйірмелері тұрақты жұмыс жасайды. Ал биология пәні бойынша балаларға табиғатты, тірі ағзаларды зерттеу бойынша білім береміз. Аталған саланың ауқымы кең. Қызықты мәліметке толы. Жалпы, өзіммен бірге еңбек ететін жас ұстаздар көп. Әркез өзім секілді бәсекеге қабілетті жастармен бірге білім саласында еңбек етіп, ауданымның мерейін көтеруге барымды салып келемін. Әрине, туған жерге ештеңе жетпейді, – дейді дарынды ұстаз.
Негізінен, білімді жас бос уақытында сан түрлі бағытта кітап оқып, тұлғалық дамуға байланысты курстарға қатысады екен. Өзі үлгі тұтатын тұлғалардың сұхбаттарын назардан тыс қалдырмайды. Үнемі пайдалы іспен айналысатын жерлестерінің мақтанышы Асқар Жылқаев – республикалық «Ел үміті» жобасының иегері.
Мерейі үстем жас өрен ТМД елдері ішінде үздік студент атанған еді. Сондай-ақ жерлесіміз Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің арнайы төсбелгісімен марапатталған. Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген «Жаңа Қазақстан: Жас педагогтердің рөлі» тақырыбындағы І халықаралық жас педагогтер форумына қатысқан. Одан бөлек, дарынды ұстаз Астана қаласындағы «Жаңа Қазақстан: оқу-ағарту саласының үздігі» атты республикалық конференциясында көпшілік арасынан дараланды.
Әлі талай биік белестерді бағындыруды көздейтін жас ұстаз отбасында 3 ағайынды. Өзінен үлкен ағасы мен әпкесі үнемі ақыл-кеңесін айтып отырады. Бұл ретте, баласы үшін тілеулес болатын ардақты ана Нұргүл Маханованың тәлім-тәрбиесі зор. Әрине, «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» екенін жақсы білеміз. Осындай ұлы қызметті абыроймен алып жүру де оңай емес. Сан мәрте білім бәсекелерінде топ жарған Асқардың алар асуы алда. Ендеше, жас ұстаздың болашағынан ерекше үміт күтеміз.

Балтабай ОРДАБЕКОВ