Мектеп – өмір бастауы
Мектеп – өмір бастауы, білім кемесі, даналықтың мұрасы екені сөзсіз. Өскелең ұрпаққа әлемдік стандартқа сай білім беру мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыратын мектеп. Жас буынның қанатын қатайтып, үлкен өмірге жолдама беретін мектептің киесіне шәкірт атаулы бас иеді. Түзу жолда тұсау салдырмас талай мықтыны шығарған білім ордасының өткені мен бүгіні – өскелең ұрпаққа өнеге.Аудан орталығында №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі 100 жылдық тарихы бар, қаймағы бұзылмаған ұлттық тәлім мен тәрбиенің қара шаңырағы. Бұл мектептің іргетасы ХХ ғасырдың басында1919 жылы қаланып, алғаш 14 оқушымен бастауыш мектепашылды. Осылайша, Тереңөзек төңірегінде де тұңғыш рет қоңырау үні сыңғырлап,алғаш рет «Әліппенің» беті ашылады. Қазіргі таңда мыңдаған шәкірттің алтын ұясына айналған мектепті ашуда білім саласының нағыз кемеңгерлері Оспан Әбілпаттаев пен Рахым Алшынбаевтың еңбегі зор. Сол уақытта мектеп басшылығы халық баласының сауат ашуына мүмкіндік жасады. Аумалы-төкпелі заманда жұртшылыққа хат танытып, білім сапасын жақсартуға ықпал етті. Бастауыш мектеп болыпқаланған 1934-1935 оқу жылында 7 жылдық мектеп болып қайта құрылды. Оқушы саны 12-ден 250 балаға жетті. Бұл сол кездегі аудандағы ұйымдастырылған тұңғыш жалғаз орталау мектеп болатын.1935 жылы Бүкілодақтық Староста революционер, тамаша педагог М.И.Калининнің 60 жасқа толу мерейтойы аясында Үкіметтің арнайы қаулысымен мектепке есімі беріледі.1939-1940оқу жылында жаңа мектеп пайдалануға берілді.Онда небәрі 10 шақты сынып бөлмесі мен үлкен бір дәліз болды. 1941 жылы мектепті тұңғыш рет 12 оқушы бітіріп, қолдарына аттестат алды.Олардың 10-ы өз тілектерімен майданға аттанып, 2-уі ғана елге қайта оралды.1941-1946 жылдары мектеп бітіретін түлектер болған жоқ. Өйткені, қару ұстауға жарайтындары қан майданға аттанса, қалғандары тылдағы еңбекке жегілді.Мектеп тарихында соғыс жылдары ұстаздық қызмет еткен педагогтардың есімі әйгілі. Майдан даласында жаумен арпалысып, жеңісті жақындатқан бірқатар ұстаз білім саласының үздігі атанды. Олардың қатарында Оспан Абдулпаттаев, Төлеген Әбілдаұлы, Сейіткамал Усабаев, Қайысбек Байсалбаев, Қасымхан Ысмайылов, Айтөре Шамкенов, Ибадулла Байдаулетов, Смағұл Тұрғанбаев, Ғаппар Сағындықов, Мырқайдар Мәмбетов, Дүйсенбай Жетербаев, Аққайыр Қоржынбаев бар. Әрқайсысы бала бағбанына айналып, талантты шәкірттерді тәрбиеледі. Көрегенділік пен даналықты ерекше ықыласпен шәкірт бойына дарытқан ұлағатты ұстаздардың қызметі қашанда өлшеусіз.
№35 М.И.Калинин атындағы қазақ ортамектебі 1967 жылы Алшынбаев көшесінде орналасқан жаңа ғимараты қаланып, пайдалануға 1968 жылы берілген. Тарихи тұлғаның есімін ұлықтау,ұрпақ жадында мәңгілікке қалдыру мақсатында 1998 жылы №35 қазақ орта мектебіне Иса Тоқтыбаев есімі берілді. 2009 жылы аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда және ҰБТ-да жоғарғы деңгейді көрсетіп, пән мұғалімдері элективті курс, әдістемелік құралдар авторлығына ие болу нәтижесінде №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей болыпқайта құрылды. 2012 жылы Сырдарияаудандық білім бөлімінің №35 И. Тоқтыбаев атындағымектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі статусы берілді. 2016 -2017 оқу жылынан бастап облыстағы46 инновациялық білім ордасы қатарына енді. Тарихы тереңде жатқан білім ордасы аудандағы ең көне мектептердің бірі және бірегейі. Сол себепті, былайғы жұрт білім ошағын «қарашаңырақ» ұғымымен байланыстырады. Талай қиындықтың шешуін алдынан тосып алған ұстаздардың көбі жемісті жылдарын осында өткерді.
Республиканың түкпір-түкпірінде түрлі салада қызметте жүрген талай жанның бағын ашқан мектеп тарихында шын мәнінде аты мәңгі өшпейтін тұлғалардың өшпес ізі қалған. Туған жердің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан мектеп педагогтары ағартушылық саланың қыр-сырына қанығып, қиын-қыстау күндерден тосылмай өтті. «Өмір – үлкен мектеп, ұлы ұстаз» дегенді ұстаным еткен ұлағатты ұстаздар қатарында Шайхыислам Нұржанов, Уайда Бисембаев, Төлеген Досымов, Қадір Бердалиев, Біткенбай Мырқайдаров, Алмат Пірімбетов, Жоламан Ерманов, Бақтығали Сүйіндіков, Кеңес Иноятов, Аманқос Ақылбеков бар. Аға буын өкілдерінің ізін жалғаған білікті маман Күлпәш Дастанова, Айжамал Айтмағанбетова, Күлшім Әубәкірова, Пістегүл Игісінова, Рахима Қызылхожаева Ақжәми Балабаева, Бибісара Аяшова, Роза Жайлыбаева, Рыскүл Бәжиева, Доскүл Абдулина, Патыма Ибраева, Нағима Қаражанова, Гүлбарам Жарекеева, Алтынай Ешпанова, Күлзада Кенжебаева Айымторы Рабатова,Ұлмекен Рысбекова, Анар Ізбасарова, Сұлупан Шамшадинова,ӘлимаНақыпова,ПатымаАлданова,РозаӘдуова,Құдайбергенова Сәрсен, Ұлбике Ерімбетова, Райхан Танабаева, Райкүл Маханбетжанова, Ұлтуған Бимұрзаева, Рыскүл Симағамбетова, Фатима Шадиева, Қарлыға Бекмағанбетова, Ұлбосын Бекмағанбетова, Мирамкүл Әкімжанова, Жанат Сармолдина секілді ұстаздар жұмыс пен үйді қатар алып жүріп, абырой биігінен көрінді. Шуағымен бала жүрегінен жол тапқан олардың қызметі қашанда үлгі-өнеге.
Білім ордасының бағындырар белесі мен болашағы бірінші басшыға тікелей байланысты. Ұжымды әрқашан ұйымдастыра біліп, жақсылыққа бастау нағыз біліктілік пен білімді қажет етеді. Осыған дейін жиырмаға жуық басшы қызмет атқарған мектептің бүгінгі аяқ-алысы жаман емес.Бұл қызметте шыңдалған мектеп директорлары Әділбек Маханбетов, Сақыбек Алданазаров, Ажар Әзхожаева, Ұлмекен Жанәлиева, Бөлебай Бисенбаев, Жұмабек Асанов, Роза Бексейітова, Алмас Есназар, Бәйдібек Әмірбеков, Баян Сүюбаева, Ләззат Палымбетова, Бағдаш Сағындық әр жылдары биік белесті бағындырды.
Мектебіміздің осы күнге дейін сапалы білім, саналы азамат шығаратын қарашаңырақ білім ордасына айналуына игі жақсылардың оқып, еңбек етуінің шарапатының тигені деп есептеуге болады. Осындай қара шаңырақтан білім нәрімен сусындап, оған қоса өнер саласында өз орнын тапқан, спортта биіктердібағындырған түлектер бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінде мерейлі міндеттер атқарып жүр. Олардың арасында көптеген қоғам қайраткерлері, ел тізгінін ұстап отырған білікті басшылар, арқалы ақындар, қаламгер-жазушылар, сондай-ақ, өнер тарландары, ғалымдар және басқа да түрлі мамандар иелері бар. Атап айтар болсақ, ұлт мақтанашына айналған Жүсіпбек Бекжанов, Әли Ахметов, Есенбай Байсалбаев, тарихшы-ғалым Сафиулла Абдулпаттаев, Бәкір Өтепов, ғалым-зерттеушілер Зейнолла Қари мен Хадиша Нұғманова, ҚР Мемлекет хатшысы Қырымбек Көшербаев, Айтбай Көшербаев, әйгілі композитор Рамазан Тайманов, ақын-журналист Ахат Жанаев, ақын Әбіраш Жәмішев, «Ленин жолы» газетінің редакторы болған Нұрділда Уәлиев, құқық қорғау саласында табанды еңбек еткен Айтбай Әлібаев, темір жол саласының ардагері Әби Сарқыншақов осы іргелі білім ошағында дәріс алып, түлеп ұшты.
Адамзат баласының ұлы игіліктерінің ең жоғарғысы қазыналы білім екені рас.Бағытына қарай білім сипаты әртүрлі. Алдыңғы буынның кейінгі ұрпаққа қалдырар мұрасы – мәңгі тот баспайтын білімі. Осындай көргенінен таңбайтын ұлы ұстаздардың артынан біршама білікті маман ерді. Бүгінде қасиетті қара шаңырақтың әр бұрышында олардың қолтаңбасы қалған. Өзіңдік бағытын қалыптастырған кәсібилікті жетік меңгерген ұстаздардың расында шоқтығы биік. Тек баланың қарым-қабілетін аша отырып, жан-жақты білімін жетілдірген ұстаздардың еңбегі ерен. Жоғарыда аты аталған үлкен буынның ізін жалғаған Мәтібаева Сафура,Зағипа Тайманова,Роза Тұрмағанбетқызы, Ұлбосын Қалқоразова,Маржан Қалқоразова, Айнұр Алиева, Светлана Құрамысова, Қаршыға Әшірбекова, Гүлжан Алыбаева, Кенже Тұрғанбекова, Жанна Саркеева, Айнұр Ахметова, Айнұр Көшенова, Роза Тұрмағанбетқызы, Ләйла Сағымбаева, Іңкәр Қордабаева, Гүлсара Батишева,Омар Есбаев,Құдайберген Ахметов,Ибраев Мейрамбек, Ажар Әбдрееваның есімдерін атап өткен жөн.
«Мектеп атымен емес-шәкіртімен даңықты».Бір әріптік білім берген ұясына қырық жылдық құрметін көрсеткен,қамқорлығын танытқан дархан халық емеспіз бе?!Шүкір, шәкірттерінің шұғылалы шарапатына бөленуі жағынан да мектебіміз өзгелерден озық,айналасынан алда. Ендеше,облыстың білім-ғылым айдынында өзіндік қолтаңбасымен тың жол қалыптастырған осындай киелі білім шаңырағынан болашақта әлі де талай абыройлы азаматтардың қанат қағып шығары анық.
Бақытжан Бақбергенова,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицей директоры
№35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицей директоры