Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді

Күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда кеше ұйымдастырылған күзгі тазалық жұмыстары аудан тынысының кеңеюіне үлесін қосуда.

Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мәдениет және спорт, коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, жеке сектор өкілдері де қатысты. Арнайы техникалар қатыстырылып, жиналған қоқыстар шығарылды. Арықтар тазартылды.

Айта кету керек, Сырдария ауданы көлемінде әр сенбі сайын кентіміздің әр аймағында, сонымен қатар, барлық ауылдық елді-мекендерде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Дегенмен, «Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі» деген қағиданы ұғынып, өзіміз тұратын үйге, оның айналасына, ауланың тазалығына мән берсеңіздер.

Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Туған жерімізді, оның ішінде қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің ризашылығын алатынымызды естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы айналаның тазалығына үлес қоса алатынымыз анық.

Жалпыаудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелерінің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Әркім өз ауласын, есігінің алдын, көшесін тазалап отырса, кентіміз де көркейе түседі.
27 қараша 2022 ж. 418 0