Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірлікті сақтаудың жарқын жолы

Бірлікті сақтаудың жарқын жолы

Кезектен тыс Президент сайлауы өткен күні көшеде кез­дескен жандар сайлау учаскесіне бара жатқандығын бай­қадық. Саяси науқанның маңызын ұғынған жергілікті тұр­ғындар өз таңдауын жасады. Негізінен, сайлаудың заң аясында өткізілуін халықаралық деңгейдегі байқаушылар бақы­лады. Саяси науқанның өту барысында заң бұзушылық орын алмаған жоқ. Себебі, әрбір бақылаушы әділдік пен ашықтық орын алғандығын назарда ұстады.

Еліміздің жаңа кезеңі бастау алды десек, қателеспейміз. Осындай шақта жаңадан отау құрған отбасы, ең алғаш да­уыс берген жас­тар, көрегенділігі мол қариялар ертеңгі күннің жарқын боларына сенім артты. Соған орай сайлауда белсенділік танытты.

Республикада Сыр халқы ауызбіршілігін көрсетіп, сайлау­ға қатысу бойынша алдыңғы қатардан көрінгені қуанарлық жағдай. Алдағы уақытта ел экономикасын нығайтып, ха­лықтың әлеуетін көтеруге бағдарлы жұмыстар жасалады деген сенімдеміз. Өткенді күнді саралап, болашақтан зор үміт күтетініміз рас.
Ел шекерасы шегенделіп, Тәуелсіздік жылдан бері бірнеше сайлау өткізілді. Бұл сайлауда жеңіске жеткен ел Президенті алдағы атқарылатын жұмыстардың басым-бағыттарын тізбектеді. Біз "Әділетті Қазақстанды" қолдаймыз.

Анар ҚАЛДЫБАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты
22 қараша 2022 ж. 332 0