Жауапты кезеңде аудан ардагерлері белсенділік танытуда

Сайлаудың жоғары деңгейде өтуі – еліміз үшін үлкен абырой. Бұл тұста, әркімнің азаматтық ұстанымы осы саяси науқанның негізінде көрінеді. Сондықтан болашаққа сеніммен қарайтын әрбір азамат өз таңдауын жасауы керек.
Мұндай жауапты кезеңде аудан ардагерлері белсенділік танытуда. Таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне барып, өз дауыстарын беріп жатыр. Бұл аға буынның елдің кемел келешегіне деген көзқарасын білдіреді.
Ең бастысы, еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Хайролла ӘБЕНҰЛЫ,
Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы