Саяси науқанның салмағы басым

Қазіргі қоғамдағы барлық азамат пен азаматша бұл шараның ең маңызды екенін жақсылып ой елегінен өткізіп, дұрыстап түсіну керек. Өйткені Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында қолға алынып жатқан кешенді реформалар көшін осы сынды саяси аренада салмағы басым шаралар бастау керек.
Меніңше, әр адамның сайлауға баруы міндетті. Өміріне немқұрайлы қарамайтын адам міндетті түрде өз таңдауын жасауға тиіс. Өзі қалаған үміткерге дауыс беру – әр адамның конституциялық құқығы және борышы. Мен сайлауға барамын! Бұл сайлаудың нәтижесі елімізге, әр елді мекенге, әр отбасына жақсылық әкелсе екен деп тілеймін.
Отанымыз үшін, жарқын болашақ үшін дұрыс таңдау жасайық!!!
Әзиза Қозыбағарова,
жалпы тәжірибелі дәрігер
жалпы тәжірибелі дәрігер