Ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқаны басталды
Еліміздегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды бастаманы алғаш рет Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтқан болатын. Осыған орай ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мақсатында 2020 жылғы жалпыұлттық жоспар шеңберінде сайлауға қатысты бірнеше заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол өзгертулер мен түзетулер «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңға, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарға қатысты болды. Заңнамалардың жаңашылдығы - тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы ауыл әкімдерін сайлау. Бұрын жанама түрде сайланған ауыл әкімдерінің өкілеттігі тоқтап, ендігі әкімдер тікелей сайлау арқылы таңдалады. Бұл тұрғыда ауыл әкімдігіне үміткерлерді саяси партиялар арқылы ұсыну немесе кандидаттың өзін-өзі ұсынуға мүмкіндігі бар. Бұл да еліміздің саяси дамуындағы үлкен бір айтулы оқиға, жаңа бір кезең және ауыл тұрғындары өз әкімдерін тікелей сайлап, сол арқылы өздерінің саяси құқықтарын кең ауқымда жүзеге асырудың тағы бір қосымша мүмкіндігіне ие болады.
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде еліміз бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлау жоспарланса, өңірдегі 132 ауылдық деңгейдегі әкімдердің 40-ы алғашқы тікелей сайлауда таңдалады.
Сайлау заңнамасының жаңа талаптарына сәйкес «Nur Otan» партиясын да алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Осы орайда, аудандардағы «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалына қарасты 177 бастауыш партия ұйымдарында карантин талаптарын сақтай отырып онлайн және офлайн (дәстүрлі) форматтарда жиналыстар өткізілді. Жиналыстардың күн тәртібінде аудандық партия филиалдарының кезектен тыс конференцияларына делегаттар сайлау мәселесі қаралды. Алда өтетін аудандық партия филиалдары конференцияларында сайлауға партия атынан қатысатын үміткерлер іріктеліп, ұсынылатын болады.