Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Өмір – пианино басқыштары секілді, жарқын және көлеңкелі тұстары бар. Сол күйсандықтан қай басқыш арқылы әуен ойнату – әр адамның өз қалауы. Расында тағдырдың жазуы деп бір қайыру бар да, таңдау жасау қолыңда тұрған сәттер бар. Сенің өмірің Тәңір сыйға тартқан үлкен бақ. Біздің жұтатын ауа, денсаулық, тіпті табанымыздың астындағы қара жер де мынау ғажайып өмірдің бақытқа жетелейтін, бақытқа негіз болатын басты факторлар емес пе?!

Бірақ кей адамдар үшін бұл жеткіліксіз. Сыйға берілген өмірін тәлкекке салып, түрлі жеңіл-желпінің жетегіне еріп кететіндер қаншама? Жеңіл ақша табамын деп алдап-арбау, бәс тігу, алайақтыққа барып қоғамға кесірін тигізу, ең сорақысы есірткіге әуестеніп, алдымен өз өмірін, одан соң қоғамды ластауы. Бұл нағыз адамзатқа жасалған қастандық.

Есінен адастыру мағынасын білдіретін есірткі қанымызға сіңген қасаиет емес. Яғни, батыстан келген бұл кеселдің тамыры қазақ жерін жаулай қойған жоқ. Десек те есіркіге еліткендердің ең осал тобы жасөспірімдер. Енді ғана бой түзеп, өмірде орнығып үлгермеген балалардың бұл қадамға оңай барып, наркобизнестің құрығына тез ілінетіні – қызығушылық, еліктеу, ақпараттың аздығы, өз өміріне жауапкершілік алмау тағысын тағы тізеле береді. Есірткімен күресте ең алдымен балаларға толық ақпарат беріп, зиянды заттардан аулақ болуды қоғам болып қолға алсақ, айықпас кеселден құтыларымыз анық.
Есірткі тек қолданған адамға ғана емес бар қоғамға кесірін тигізеді. Алдымен жәй қызығушылықтан басталған әуестік тәуелділікке алып келеді. Тәуелді болу өмірінің бар кезінде есінен айырылып, жақынын да, туғанын да танымай, тек масаң күйде келесі дозасына ақша іздеумен өтері анық. Егер ақшасын таппаса агресияға бой алдырып, отбасын, достарын бар қоғамды жау көріп, тіпті керегін күшпен талап етуге барады. Бұл қазақ қоғамына жат қылық.

Отбасынан айрылу, достардың сырт айналуы, айналаның қара көлеңкеге айналып, болашақтан үміт үзілу, тек бір доза үшін жанталаса аждаханың алдына өзіңді тастай салу..... Жоқ, әрине жоқ! Біз тәуелсіз елде өз ойымыз бен санамазға тәуелсіздік жариялаймыз. Есірткісіз ғажайып өмірді таңдаймыз. Болашаққа нық қадаммен, сенімді аттанамыз. Арман нысанасын дәл көздеп, жігер отын алаулатамыз. Алға, алға еркін елдің өр қыраны. Мақсатыңа қарай самға, батыр елдің өжет ұланы. Міне, менің ғажайып өмірімде тек жақсылық пен күннің құдіретті сәулесіндей болашаққа зор сенімге ғана орын бар.

Гажденбекова Аружан,
Сырдария ауданы,
№131 орта мектеп оқушысы
02 қараша 2022 ж. 262 0