Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайта жаңғырған ұлттық мереке

Қайта жаңғырған ұлттық мереке

Ел тарихында осыдан 32 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттік еге­мен­дік туралы декларация қабылданған. Бұл егемен­дікке жасалған тарихи қадам екені анық. Сон­дықтан Ел Президенті биылдан бас­тап 25 қазанды Республика күні деп атауды, осы күнді ұлт­тық мереке санатына енгізуді ұсынды.

Мемлекетіміздің тарихында пайда болған халық­тық мереке ел бірлігін сақтауға, қоғамды жаңғыртуға негіз болатыны сөзсіз.

Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды да­та – жай мереке емес, ата-бабамыздың азаттық үшін күрескен жылдарының жемісі. Бастысы, халықтың ынтымағы мен бірлігі, кемел келешекке деген сенімі Тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайта түспек. Әрине, еліміздің болашағы өз қолымызда, саналы ұрпақтың үлесінде. Атқарып отырған қызметімізді еліміздің дамуына бағыттасақ, мемлекетіміз әлемдегі дамыған озық елдер қатарына енетіні сөзсіз. Аға ұрпақ өкілдері жарқын болашақ үшін қолдан келетіннің бәрін жасауы керек.

Республика өңірлері секілді біздің ауданда да жыл сайын жаңа әлеуметтік нысандар бой көте­ріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында көп­теген ізгі іс-шаралар атқарылуда. Жаңа жұмыс орын­да­рының ашылуымен елдегі жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту бағыты алдыңғы кезекке қо­йылды. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту арқылы халықтың ертеңгі күнге деген сенімі нығай­ды. Сондықтан барша сырдариялықтарды Жаңа Қазақ­стан құрудағы батыл қадамның бірі – қайта жаңғыр­ған ұлттық мереке күнімен құттықтаймын.

Жанарбек НҰРЫМБЕТОВ,
облыстық мәслихат депутаты
23 қазан 2022 ж. 306 0