Бала тәрбиесі – тал бесіктен

Баланың жақсылығын да, жамандығында, жемісі мен жеңісінде көрсететін ата-ана. Қай заманда болсын ата-ананың басты арманы – ұл-қызының инабатты, ізетті, еңбексүйгіш, ержүрек, адал, қайырымды болуын қалайтынында. Сондықтан да кез келген ата-ана бар мейірі мен жылуын ұрпағына төгері сөзсіз.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Қазақ отбасындағы ең бірінші ереже – әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.
Халқымызда «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиені тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиені сіңіре білсек, бұл бала тәрбиесіндегі үлкен жетістігіміз екені хақ.
Г.Пірімбет
Сырдария аудандық сотының
бас маман сот отырысының хатшысы
Сырдария аудандық сотының
бас маман сот отырысының хатшысы