Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы – есірткіден аулақ

Берік отбасы – есірткіден аулақ

Отбасы – адам дүние есігін ашқан сәттен бастап өмірінің әрбір қызықты, маңызды сәттерін өткізетін орта. Барлық қиыншылықты, қуанышты отбасы мүшелерімен бөлісесің. Мейірім, махаббат, сенім, татулық – отбасының нағыз құндылықтары. Әкенің балаларға берер тәрбиесі, ананың жылуы мен мейірімі, баланың ізгі құрметі – берік отбасының негізі. Отбасында жақсы тәрбие алған балаақылды, адамгершілігі мол нағыз азамат болып өседі.

Қазіргі қоғамда жас жеткіншектерге төнер қауіп көп. Түрлі жаман әдетке жетелейтіндер де бар. Баланың дұрыс жолдан таюына қоғамның ықпалы зор. Жас жеткіншектерді жолдан адастыратын бірден бір қауіпті нәрсе – есірткі. Үлкен, шешілмейтін толассыз мәселелер де есірткі тақырыбында. Есірткі – өте улы, адам ағзасына зиян нәрсе. Есірткіні бір рет қабылдағаннан кейін құтылу қиынға соғады. Адамды құрдымға кетіретін бұл есірткіні қабылдайтын жастардың саны күннен күнге артып жатыр. Олар есірткі қабылдай тұра, дұрыс өмір сүру мүмкін емес екенін түсінбеген болса керек. Қоғамда осындай бүлікшілердің болуы және жастарды оңай арбай алулары қайсыбірімізді де ашындырады. Сонда баланы күштейді ме әлде ол затқа деген қызығушылық көп пе? Нақтырақ айтқанда, бұл жерде кінә ата-анада. Баланың әр іс-қимылын елеусіз қалдырмай дұрыс қарым-қатынас жасаса, балалар мұндай іске бармас еді. Ата- ана балаға ақ пен қараны ажырата білуді үйретеді.Жалпы есірткі қабылдау ғана емес, жаман әдеттердің барлығының адамға тек зияны тиетінін баланың миына тоқыса,бала өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алар еді.

Отбасында татулық,бірлік,түсіністік,бір-бірін демеу басты орында. Отбасының әр мүшесінің мойнындағы міндеттер де осы құндылықтарды сақтау болып табылады. Адам өзіндегі ғана емес басқа отбасы мүшелерінің алдындағы жауапкершілікті түсіну керек. Отбасындағы бір адамның қайғысы барлығына әсер етпей қоймайды. Ал баласының басы осындай бәлеге қалғанын білген ана қандай ауыр уайым кешеді десеңші. Бір адамның дұрыс жолдан адасып, есірткі секілді улы затқа әуестігі оянуы берік отбасының шырқын бұзады. Отбасының әр мүшесі өз мойнына артылған жауапкершілікті толық түсінсе,берік отбасына айналады. Өзгелерге үлгі болатын, ынтымағы,бірлігі жарасқан отбасы кез- келген жаман істен, жаман әдеттен аулақ. Үлкен мемлекет кішкене отбасыдан бастау алады. Қорыта келе, нағыз мықты мемлекет боламыз десек, берік отбасы болуымыз және онысақтауымыз қажет,- деп өз ойымды түйіндеймін.

Сыздықовтар отбасы.
13 ақпан 2021 ж. 629 0