Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің Ветеринариялық бақы­лау және қадағалау комитетінің (әрі қарай – ҚР АШМ ВБжҚК) Сырдария аудандық аумақтық инспек­циясының ветеринария саласындағы көр­­се­тетін мемлекеттік қызметтері туралы ақпарат.

ҚР АШМ 2015 жылғы 21 мамырдағы «Вете­ринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №7-1/453 бұйрығы негізінде, ҚР АШМ ВБжҚК-нің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. «Экспорттау кезінде орны ауыстырыла­тын (тасымалданатын) объектілерге ветери­нариялық сертификат беру» – нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Республикасынан шет мемлекеттерге шығатын ауыл шаруашылығы жануарлары, олардың өнімдері мен шикізаттарын тасымалдау үшін берілетін ветеринариялық ілес­пе құжат.

Аталған қызмет бойынша, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру екі түрде жүргізіледі:

1) ҚР АШМ ВБҚК-нің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясының кеңсесі арқылы.

2) Электрондық (ішінара автоматтан­ды­рылған) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күні ішінде, дайын сүт, май және балық өнімдеріне ветеринариялық сертификат беру кезінде – өтініш берген күні рәсімделеді.«Электрондық үкіметтің» веб-пор­талы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.

2. «Мемлекеттік ветеринариялық-сани­та­рия­­­­­­­лық бақылау және қадағалау объекті­леріне ве­теринариялық-санитариялық қорытын­­ды бе­ру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қыз­метті көрсету (ветеринариялық-санитариялық қоры­тынды беру) нәтижесін беру:

1) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2) Электрондық (ішінара автоматтан­дырыл­ған) «Бір өтініш» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш тіркелген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні;

3) Ақылы. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы негізінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақ­с­тан Республикасы Ауыл шаруашылығы ми­нис­­тр­лі­гі­нің www.gov.kz интернет-ресур­сын­­да орналастырылған ветеринариялық-санитария­лық қорытындының құнын төлейді.

Жұмыс кестесі:

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, (Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде), өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс уақытта көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты кестесіне сәйкес белгіленеді.

Мекеменің мекен жайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Ш.Құндызбаев көшесі №41А ғимаратында орналасқан. Жұмыс телефоны: 8(72436) 22-2-63.
М.САТБАЕВ,
ҚР АШМ ВБжҚК-нің
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы
11 қазан 2022 ж. 421 0