Ардагер-ұстаздар құрмет төрінде

Ұлбосын Қайқыбекқызы оқушыларға берген білімі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, 2015 жылы Білім және ғылым министрінің алғысын, аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын»алды. 2018 жылы Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін «Ауданның 90 жылдық» мерекелік медалімен марапатталды. 2019 жылы «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының «Алғыс хатын» алды және Қызылорда облыстық Білім басқармасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасына» ие болды. 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «NOBEL EDUCATION» халықаралық педагогикалық орталығының Құрмет грамотасымен және «Қазақстан ұстаздары» қоғамының «Қазақстанның үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иесі атанған.
Ұстаздық тәжірибесінде мыңдаған шәкірттерді білім баспалдағымен шыңға өрлеткен парасатты ұстазға мектеп-лицей директоры Б.Бақбергенова, ардагер-ұстаздар ізгі тілектерін жеткізді.

Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Есназаров ұлағатты ұстаздарды құттықтап, сый сияпат жасады.
Айту керек, мерекелік іс-шараны мектеп-лицейдің бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Ұ.Бекмағанбетова ұйымдастырды. Жалпы білім ордасында 28 ардагер-ұстаз бар.
Бибісара ЖАНӘЛІ