Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Күзгі егін жинау жұмыстарының барысы пысықталды

Күзгі егін жинау жұмыстарының барысы пысықталды

Бүгінгі таңда аудан бойынша егілген негізгі дақыл күрішті ору, бастыру жұмыстары қарқынды жүруде. Аудан бойынша күріш дақылының 18261 гектары орылып, 15826 гектары бастырылып, орта өнімі гектарына 56,5 центнерден келуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Сәрсенбаев Қайрат, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Пашкенов Омархан, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жұмабеков Нұрбол аудан аумағындағы шаруашылық құрылымдарын аралап, Сыр салысын жинау жұмыстарының барысымен танысты.

Кездесу барысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Сәрсенбаев Қайрат өнімді төкпей-шашпай, жауын-шашынға қалдырмай жинап алуға сәттілік тілеп, «Егіншілік – ежелгі кәсіп, еңбекшіге нәсіп» демекші, ала жаздай төккен маңдай тер мен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер деп ыстық лебізін білдірді.


Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі
30 қыркүйек 2022 ж. 538 0