Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Республикалық ардагерлер ұйымы тұрғындарға үндеу жасады

Республикалық ардагерлер ұйымы тұрғындарға үндеу жасады

«Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына қатысуға шақырамыз
Құрметті қазақстандықтар!

1 қазан – Халықаралық қарттар күні жа­қын­дап келеді. Бұл күн – біздің аға буынға ри­зашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бө­луімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олар­дың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп.

Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көр­сету – аға буынға көрсеткен парызымыздың аз ғана бөлігі. «Ардагерлер ұйымы» республика­лық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Қарт­­та­рымызды қамқорлай жүрейік» айлығы акциясына ұласып келеді.

Қазақ халқының дәс­­түрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, ал­дынан кесе көлденең өтпеген. Елімізде қарт адамға деген қамқорлық жылш сайын артуда. Мемлекетіміз қарт адам­дарға деген қам­қорлықты экономикалық дағ­да­рыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен, елімізде әлі де бол­са әлеуметтік көмекке мұқ­таж егде адамдар бар.

Әлемді жайлаған экономикалық қиын­дық­тар біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезеңді бастан өткізуде.

Кейбір қариялар жасы ұлғайған шағында жылулық пен мейірімге зәру. Барлық қазақ­стан­дықтарды, жұмыс берушілерді, биз­нес құ­ры­лым өкілдерін, аға буынның ел игі­лігі­не қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарт­тары­мызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына атсалысуға шақырамыз.

Өз елінің патриоты ретінде акцияға бей-жай қарамайтын азаматтар жергілікті әкімдік­термен, өңірлік ардагерлер кеңестері­мен бай­ла­нысқа шығып үлестеріңізді қосыңыз­дар.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі
24 қыркүйек 2022 ж. 309 0