Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік – баршаға ортақ іс

Сенбілік – баршаға ортақ іс

"Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша сенбілік өтті.

Сенбілікке аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме қатысты.

Тазарту шарасында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тазарту жұмыстарын жүргізіп, шөп-шалаңды шауып, қоқыстарды жинауда.

Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады және барлық аудан тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!

"Тазалық - мәдениеттіліктің өлшемі" деген бар, әр тұрғын өз үйінің маңайы мен ауласын таза ұстап, өңіріміздің таза болуына және одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық!

11 қыркүйек 2022 ж. 668 0