Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруаларға шаттық сыйлады

Шаруаларға шаттық сыйлады

Апта ағымында «Дала дидары» халықтық мәдени-үгіт бригадасы Ақжарма ауылындағы шаруа­ларға «Ел ырысы – ақ кү­ріш» тақы­рыбында концерттік бағ­дар­лама ұсынды. Ел Президентінің «Әді­летті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бе­ре­келі қоғам» атты Жолдауын жер­­гілікті тұрғындарға түсіндіру мақ­сатында жүзеге асқан іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Аудан өнерпаздары «Ақжарма және К» мен «Ақжарма-2» шаруа қожалығының қызметкерлері­не ерекше көңіл-күй сыйлады. Еңбек адамының күнделікті егістік басында, қырмандағы қыруа тіршілігі көрініс етіп қойылды. Сонымен бірге Жолдауда көрсетілген әлеуметтік, ауыл шаруашылығы секілді бірнеше саланың басым-бағыты насихатталып, оны іске асыруда халықтың бірлігі маңызды екені айтылды. Жолдаудан туындағаған міндеттерге қатысты ақжармалық еңбеккерлер өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы қолдаулардың ма­­ң­ыз­­дылығына тоқталды.

Іс-шара барысында аудан өнерпаздары қырман­ды астықпен көмкеріп жатқан еңбеккерлерге көте­рің­кі көңіл-күй сыйлады.

– Біз аудан бойынша бірнеше елді мекенді аралап, шаруалармен кездесу өткізудеміз. Кездесу барысында Жолдауды насихаттаумен қатар, еңбек адамдарына құрмет көрсетіп келеміз. Бұл ретте, мәдениет саласының мамандары әннен шашу шашып, би билеуде. Берекелі Ақжарма ауылындағы қос шаруашылық қызметкерлері «Дала дидары» халықтық мәдени-үгіт бригадасы мүшелеріне зор риза­шы­лығын білдірді, – дейді «Дала дидары» ха­лықтық мәдени-үгіт бригадасының жетекшісі Сәбит Наурызбаев.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
17 қыркүйек 2022 ж. 260 0